Шымкентте полицейлер көшеде дрифт жасаған жүргізушінің әрекетін тоқтатты

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Шымкент қаласында полицейлер орталық көшелердің бірінде көлік жүргізушісінің қауіпті әрекетін тоқтатты. Құқық бұзушылық көлік пен жаяу жүргіншілер легі тығыз аймақта орын алған.

Жүргізушінің әдейі жасаған күрт маневрлері мен көлікті тайғанақтатып жүргізуі айналадағыларға қауіп төндіріп, ауыр салдарға әкелуі мүмкін еді.
Полицейлер жедел шаралар қабылдап, көлік құралын анықтап, жүргізушіні ұстады.

Автокөлік айып тұрағына қойылды. Құқық бұзушыға қатысты әкімшілік шаралар қолданылды.

Полиция ескертеді: жолдағы қауіпті «ойын-сауыққа» жол берілмейді және мұндай әрекеттер заң аясында қатаң түрде тоқтатылады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-shymkent/press/news/details/1210317?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді