Тағайындау

Жарияланды:

Автор:

категорияда

✅Байғанин аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мемлекеттік мекемесінің басшысы лауазымына Ержанов Мұрат Исламұлы тағайындалды.
Тағайындау

🔹Мұрат Исламұлы 1983 жылы 2 наурызда Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы, Қарауылкелді ауылында дүниеге келген.

🔹2003 жылы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін «Қаржы және несие» мамандығы бойынша тәмамдаған.

🔹Еңбек жолын 2003 жылы Байғанин аудандық қаржы бөлімінде бас маман болып бастаған.

Әр жылдары:
▪️ 2005–2006 жылдары – экономика және қаржы бөлімінде жетекші, бас маман
▪️ 2006–2011 жылдары – қаржы бөлімінің сектор меңгерушісі
▪️ 2011–2013 жылдары – қаржы бөлімі басшысының орынбасары
▪️ 2013–2015 жылдары – сектор меңгерушісі
▪️ 2015–2023 жылдары – экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы
▪️ 2023–2025 жылдары – қаржы бөлімінің басшысы
▪️ 2025–2026 жылдары – экономика және қаржы бөлімі басшысының орынбасары қызметтерін атқарған.

🔹2026 жылғы 27 сәуірден бастап Байғанин аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі ММ басшысы болып тағайындалды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-baiganin/press/news/details/1210832?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді