
Жамбыл облысы Тараз қаласында «ҮЙДІ БАСҚАРУ: ЖАУАПКЕРШІЛІК, СЕНІМ, НӘТИЖЕ» атты форум-семинар өтті. Іс-шара «AMANAT» партиясының «TURGYNDAR AMANATY» жобасы аясында ұйымдастырылды.
Кездесуге ҚР Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары Қанат Мыңбаев, Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев, депутаттар, салалық сарапшылар және басқарушы ұйымдардың өкілдері қатысты.
Жиын барысында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы заңнамаға енгізілген өзекті өзгерістер, көппәтерлі тұрғын үйлерді басқаруда ашықтықты арттыру және тұрғындардың белсенділігін күшейту мәселелері талқыланды. Сондай-ақ «TURGYNDAR AMANATY» жобасы тұрғын үй секторын заманауи әрі тиімді басқару жүйесін дамытуға бағытталғаны атап өтілді.
Кездесу қорытындысында қатысушылар мемлекет, басқарушы ұйымдар және тұрғындардың бірлескен жұмысы тұрғын үй-коммуналдық жүйені одан әрі жетілдірудің негізгі факторы екеніне тоқталды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/1210711?lang=kk

Жауап қалдыру