Түркістан облысында 2025 жылы медициналық қызмет көрсеткіштері артты

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2025 жылы Түркістан облысында жалпы стационарлық ем қабылдаған 422 437 адам(2024ж.–411034) өткен жылмен салыстырғанда 2,8%-ға өскен.

   Қанайланым жүйесі ауруларынан стационарлық 40 098 (2024ж. – 38 817) науқас ем алды. Оның ішінде жіті инфаркт миокард – 1049 (2024ж. – 38 817).

3529(2024ж. – 2 595) науқасқа коронаграфия жасалды,  2024 жылмен салыстырғанда  934 науқасқа артқан.

    1698 (2024ж. – 1 268) науқасқа стенттеу жасалып, өткен жылмен салыстырғанда 430 науқастқа артты.

   Сондай-ақ, жалпы Түркістан облысының 215 (2024ж. – 236)  тұрғындарына ашық жүрекке ота жасалды.

   2025 жылдың қорытындысымен аритмологиялық 453 ота жасалынса, тиісінше 2024 жылы 376 ота жасалынып, 77 ота санына артқан.

    Сондай-ақ 2025 жылы облыстың медицина ұйымдарында  241 науқасқа жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсетілді.

   2023 жылдан бастап, облыстық клинкалық аурухана базасында ағзаларды трансплантациялау отасы жүргізіледі. Қазіргі таңда жалпы 39 трансплантация жасаланды(оның ішінде 36 бүйрек, 3 бауыр).

   Бұл көрсеткіштер медициналық материалдық техникалық жарақтандыру мен мамандардың біліктілігін арттыру соның ішінде мастер-класс, көшпелі кеңестердің өтуі болып табылады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-densaulyk/press/news/details/1210679?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді