
Түркістан қаласы саябақтар мен субұрқақтардың саны бойынша республикада алдыңғы қатардан орын алады. Қазіргі таңда ауа райының жылынуына және жазғы маусымның басталуына байланысты қала аумағындағы субұрқақтарға алдын ала тексеру жұмыстары жүргізілуде. Ақау анықталған нысандар бойынша сынған және бұзылған бөліктері кезең-кезеңімен қалпына келтірілуде.
Айта кетейік, қалада жалпы саны 100-ге жуық субұрқақ бар. Олардың әрқайсысы өзіндік ерекше дизайнмен және сәулеттік стилімен ерекшеленеді. Ұлттық нақышта безендіріліген және заманауи архитектуралық шешімдер негізінде жасалған субұрқақтар да бар.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kalasy/press/news/details/1210002?lang=kk

Жауап қалдыру