Ұлттық мұраны насихаттау

Жарияланды:

Автор:

категорияда

🔹Әділет департаментінің әдеп жөніндегі уәкілі жоспарын іске асыру аясында 2026 жылдың 28 сәуірінде Департамент қызметкерлері көрнекті қоғам қайраткері, ағартушы және жазушы Міржақып Дулатұлы ескерткішіне барды. Іс-шара тарихи жадты сақтау, рухани-адамгершілік тәрбие беру және ұлттық мұраны насихаттауға бағытталды.

🔸Іс-шараға Әділет департаментінің басшысы Алия Аманжулова, сондай-ақ палаталар мен алқа төрағалары қатысты. Аталған іс-шара қазақ халқының ұлы перзентіне тағзым етуге арналып, оның мәдениет, білім беру және тәуелсіздік идеяларын дамытуға қосқан зор үлесін дәріптеуге бағытталды. Мұндай бастамалар патриотизмді нығайтуға, азаматтық жауапкершілікті қалыптастыруға және болашақ ұрпақ үшін тарихи мұраның маңыздылығын ұғынуға ықпал етеді.

Қостанай облысы
Әділет департаментінің
Баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-kst/press/news/details/1210676?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді