Байзақ аудандық прокуратурасы Бас прокуратураның Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитетінің үйлестіруімен «Адель» шаруа қожалығының құқықтарын қалпына келтірді.
Инвестициялық жоба аймақтағы балық шаруашылығын дамытуға бағытталған.
Кәсіпорынның қуаттылығы жылына 30 тоннаға дейін балық өсіруді көздейді, бұл нарықты сапалы өніммен қамтамасыз етіп қана қоймай, жаңа жұмыс орындарын ашады.
Өндірісті іске қосу үшін инвестор Қостөбе ауылдық округінің әкімдігіне электрмен жабдықтау желілерін және трансформаторға қосуды қамтамасыз ету туралы өтінішпен жүгінген.
Алайда, жергілікті атқарушы орган өтінішті қанағаттандырудан заңсыз бас тартқан.
Бұл жобаны іске асыру мерзімдерінің негізсіз кешігуіне және кәсіпкер үшін қаржылық тәуекелдерге әкелді.
Прокурорлық қадағалау актісінің негізінде инвестор объектісіне қысқа мерзімде электрмен жабдықтау қамтамасыз етіліп, электр желілеріне қосу жүзеге асырылды.
Кінәлі лауазымды адам жол берілген заңбұзушылық үшін тәртіптік жауаптылыққа тартылады.
Жамбыл облысының прокуратурасы әкімшілік кедергілерге тап болған инвесторларды келесі номерлерге телефон арқылы хабарласуға шақырады: +7 (775) 891-25-52 немесе 115 байланыс орталығы.
Жамбыл облысының прокуратурасы
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-zhambyl/press/news/details/1210055?lang=kk

Жауап қалдыру