Жетісуда құжатсыз балық тасымалы тоқтатылды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жетісу облысында уылдырық шашу кезеңіне байланысты жүргізіліп жатқан профилактикалық іс-шаралар аясында табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері су биоресурстарын заңсыз тасымалдау фактісін анықтады.

Оқиға Алматы – Өскемен автожолының оңтүстік бағытында орын алған. Жетісу облысы Полиция департаментінің табиғатты қорғау полициясы, Қаратал аудандық балық инспекциясы және патрульдік полиция батальонының бірлескен жасағы «Setra» маркалы автобусты тексеру үшін тоқтатқан.

Тексеру барысында 64 жастағы жүргізушінің уылдырық шашу кезеңінде қолданыстағы тыйымға қарамастан, тиісті рұқсат құжаттарынсыз әртүрлі балық түрлері салынған төрт қапты тасымалдағаны анықталды. Мұндай әрекеттер өңірдің табиғи тепе-теңдігі мен экожүйесіне елеулі зиян келтіреді. Алдын ала мәлімет бойынша келтірілген шығын көлемі бір миллион теңгеден асады.

Мамандардың айтуынша, уылдырық шашу кезеңінде балық аулауға және тасымалдауға қатаң шектеулер қойылады. Бұл шаралар су биоресурстарын сақтау мен көбейтуге бағытталған. Оларды елемеу экожүйенің тұрақтылығына тікелей қауіп төндіреді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-zhetysu/press/news/details/1210377?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді