«1941 жылғы 22 маусым. Қасіреттен Жеңіс қаруына дейін» – Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күніне арналған

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 27 сәуірде Жітіқара қаласындағы Абай атындағы мектеп-лицейдің 8-сынып оқушылары үшін Жітіқара өңірлік мемлекеттік архивінің маманы Есмурзина А.И. «1941 жылғы 22 маусым. Қасіреттен Жеңіс қаруына дейін» тақырыбында Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күніне арналған мектеп сабағын өткізді. Слайд-презентация арқылы Ұлы Отан соғысының басталуы, тыл еңбеккерлері және олардың Жеңісті жақындатудағы рөлі туралы материалдар ұсынылды. Оқушыларға Жітіқара ауданының тыл еңбеккерлері – Цой Лев Николаевич пен Базлова Агафья Максимовнаның фотосуреттері мен марапат құжаттары көрсетіліп, олардың өмірі мен еңбек жолы туралы мәлімет берілді.

Цой Лев Николаевич – қеңестік тұтыну кооперациясының үздігі. Ұлы Отан соғысы жылдарында 15 жасынан бастап «Джетыгарзолото» комбинатының кенішінде  слесарь болып еңбек жолын бастап, кейін Джетыгара аудандық тұтыну одағы басқармасының төрағасына дейін көтерілген.

Базлова Агафья Максимовна – денсаулық сақтау ісінің үздігі. 1934 жылы Джетыгара кенішіне акушерка болып жұмысқа келіп, 1949 жылғы дейін сол жерде қызмет атқарған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-akparattandyru-mem-kysmet/press/news/details/1211086?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді