
2029 жылға дейінгі денсаулық сақтау тұжырымдамасы таныстырылды
Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сержан Назарбек Қордай аудандық орталық ауруханасының қызметкерлерімен кездесу өткізді. Ол “Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын 2029 жылға дейін дамыту тұжырымдамасының» негізгі бағыттарымен таныстырып, денсаулық сақтау жүйесін жаңғырту, медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыру, алғашқы медициналық-санитарлық көмекті күшейту, сондай-ақ заманауи технологияларды енгізу мәселелеріне тоқталды.
Сонымен қатар, кадрлық әлеуетті дамыту, ауылдық жерлерде медициналық қызметтің сапасын жақсарту, ана мен бала денсаулығын қорғау және профилактикалық шараларды күшейту бағытындағы міндеттер айқындалды. Басқарма басшысы медициналық қызметкерлердің кәсіби біліктілігін арттыру мен пациентке бағытталған қызмет көрсету қағидаттарының маңыздылығын атап өтті.
Кездесу барысында мекеме қызметкерлері өзекті мәселелерін көтеріп, ұсыныс-пікірлерімен бөлісті. Өз кезегінде Сержан Назарбек барлық ұсыныстар назарға алынатынын айтып, алдағы уақытта жүйелі жұмыстар жалғасатынын жеткізді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-densaulyk/press/news/details/1211477?lang=kk

Жауап қалдыру