28 сәуір-Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні

Жарияланды:

Автор:

категорияда

           2026 жылдың 28 сәуірі күні Департаменттің ұйымдастыруымен «28 сәуір-Дүниежүзілік еңбекті қорғау» күніне арналған арнайы семинар – кеңес өткізілді.

         Семинар – кеңеске Шымкент қаласының кәсіподақтар орталығының, жұмыс берушілер (кәсіпкерлер) конфедерациясының өкілдері, «Мемлекеттік аннуитеттік компания» АҚ-ның шымкент филиалының басшысы, Шымкент қаласының мемлекеттік еңбек инспекторлары, ірі кәсіпорындар мен ұйымдардың басшылары мен еңбек қауіпсіздігі қызметі басшылары мен мамандары және БАҚ өкілдері қатысады.

         Семинар-кеңес барысында «28 сәуір-Дүниежүзілік еңбекті қорғау» күнінің маңыздылығы атап өтіліп:

         1.Шымкент қаласы кәсіпорындарындағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғаудың жай-күйі;

  1. Еңбек қауіпсіздігі бойынша соңғы өзгерістер;
  2. Қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау бойынша жұмыс берушінің жауапкершілігі

         тақырыптарында баяндамалар жасалып, қатысушылармен талқыланып, өзара тәжірибелерімен бөлісті.

         Семинар-кеңес соңында 2025 жыл қорытындысы бойынша қала аумағында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауда және «Еңбекті қорғау айлығы» қорытындысы бойынша үздік нәтиже көрсеткен мамандар арнайы Алғыс хаттармен марапатталды.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-enbek-inspekstiaysy/press/news/details/1211012?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді