ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК КӨРСЕТУ ҚАҒИДАСЫНА ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗІЛДІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК КӨРСЕТУ ҚАҒИДАСЫНА

ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗІЛДІ

2026 жылдың  28 сәуірінде  Жалағаш аудандық мәслихатының кезектен тыс 42-сессия отырысы аудандық мәслихат төрағасы Ө.Елеусіновтың төрағалығымен өтті. Сессияға аудан әкімінің орынбасары Ғ.Сүлейменов, бөлім және мекеме басшылары қатысты.

Күн тәртібінде келесі мәселелер қаралды:

  1. 1. «Жалағаш ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін  белгілеудің  және  мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» Жалағаш аудандық мәслихатының 2023  жылғы 29 қыркүйектегі  № 7-2  шешіміне өзгеріс  енгізу  туралы.
  2. «Сыбайлас жемқорлыққа  қарсы іс-қимыл  мәселелері  жөніндегі аудандық  комиссия  құрамын  бекіту туралы»  Жалағаш   аудандық мәслихатының  2018 жылғы  28 наурыздағы №22-7 шешіміне  өзгеріс  енгізу  туралы.
  3. Жалағаш ауданының әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі  ведомствоаралық  комиссия  құрамын  бекіту  туралы.
  4. Жалағаш ауданының әкімдігі жанындағы  кәмелетке  толмағандардың  істері  және  олардың  құқықтарын қорғау  жөніндегі  ведомствоаралық  комиссия  құрамын  бекіту   туралы.

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі  басшысының міндетін атқарушы М.Құрақбаев хабарлама жасады.

Хабарламашы «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 30 маусымдағы №523 қаулысына сәйкестендіру және әлеуметтік төлемдерді біріздендіру мақсатында аудандық қағидаға енгізілетін өзгерістерді айтып өтті.

Депутаттар Ғ.Дүйсекбаев, Ө.Елеусінов, С.Жанашев, Қ.Ахетов осы кезге дейін үйі өртенген отбасыларынан әлеуметтік көмек алғандар саны, қандай жағдайда осы көмектің төленетіндігі, құжаттары мен комиссия мүшелері туралы сұрақтарын қойып, хабарламашы жауаптарын берді.

Екінші, үшінші және төртінші мәселелер бойынша аудан әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыстар  бөлімі  басшысының  міндетін  атқарушы Б.Сығайбаев аудандық және аудан әкімдігі жанындағы комиссиялардың құрамдарына енгізілетін өзгерістермен таныстырып өтті.

Күн тәртібіне ұсынылған мәселелер бірауыздан депутаттармен бекітілді.

Сессия жұмысын аудандық мәслихат төрағасы Ө.Елеусінов қорытындылады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-zhalagash/press/news/details/1211610?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді