
Әскер – кез келген мемлекеттің ең маңызды тіректерінің бірі. Ол – елдің тыныштығын күзетіп, тәуелсіздігін сақтайтын қуатты күш. Әскери қызмет – тек міндет қана емес, бұл – үлкен жауапкершілік пен абырой. Әскерге барған әрбір жас азамат Отан алдындағы парызын өтеп қана қоймай, өмірлік маңызды қасиеттерді меңгеріп шығады. Сол себепті әскерді нағыз ер азаматты қалыптастыратын үлкен мектеп деуге толық негіз бар.
Әскери орта адамды тәртіпке, шыдамдылыққа және жауапкершілікке үйретеді. Таңғы ерте тұру, нақты тәртіппен өмір сүру, берілген тапсырманы уақытында орындау – мұның барлығы адамның мінезін қалыптастырады. Әскерде жүрген жастар қиындыққа мойымай, кез келген жағдайдан шығудың жолын табуды үйренеді. Бұл қасиеттер олардың болашақ өмірінде үлкен рөл атқарады.
Сонымен қатар, әскер – бірлік пен достықтың ордасы. Әртүрлі өңірден келген жастар бір ортада қызмет етіп, бір-біріне тірек болуды, сенім артуды үйренеді. Қиын сәттерде иық тіресе білу – нағыз ерлік пен адамгершіліктің белгісі. Әскери достық – өмір бойы сақталатын ерекше байланыс
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-talas/press/news/details/1211521?lang=kk

Жауап қалдыру