
1 мамыр күні сағат 9.00-ден 22.0-ге дейін Абай алаңында (Достық даңғылы, 56, Республика сарайының алдында) Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған мерекелік гастрономиялық жәрмеңке өтеді.
Іс-шараға шамамен 15 мейрамхана мен этномәдени бірлестіктердің өкілдері қатысып, Қазақстанда тұратын түрлі этностардың ұлттық тағамдарын ұсынады. Әрбір қатысушы халқының мәдени ерекшелігін, тарихы мен аспаздық дәстүрін айқындайтын дәстүрлі тағамдарын таныстырады.
Жәрмеңке аясында қала тұрғындары мен қонақтары Алматыдағы гастрономиялық алуан түрлілікпен танысып, елдегі этностардың мәдени мұрасына жақынырақ үңіле алады.
Бастама ұлтаралық келісімді нығайтуға, мәдени өзара ықпалдастықты дамытуға және қаладағы гастрономиялық туризмді ілгерілетуге бағытталған.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/1211755?lang=kk

Жауап қалдыру