Алматыда Розыбакиев көшесінің бір бөлігінде қозғалыс уақытша шектеледі

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылы 29 сәуір сағат 00:00-ден 06:00-ге дейін Розыбакиев көшесінің Байқадамов көшесінен Өтепов көшесіне дейінгі бөлігінде екі бағытта да автокөлік қозғалысы уақытша шектеледі.

Сонымен қатар шектеу Әуезов көшесіне де қамтиды — «Атакент» аумағына кіреберіс (Тимирязев көшесіне параллель бағытта) уақытша жабылады.

Шектеу 10 кВ кернеулі кабель желісінің екі өткелін ашық тәсілмен жүргізу жұмыстарына байланысты енгізіледі. Бұл жұмыстар «ПС-6А, ПС-168А қосалқы станцияларында 6 кВ желілерді 10 кВ-қа ауыстыру» жобасының (2-кезең) аясында жүзеге асырылуда.

Жөндеу жұмыстарын «SARYARKA-MS» ЖШС мердігер ұйымы жүргізеді.

Жоба Алматы қаласының тұрғындарын электр энергиясымен қамтамасыз етудің сенімділігі мен сапасын арттыруға бағытталған.

Қала тұрғындары мен қонақтарынан бағытын алдын ала жоспарлап, уақытша қолайсыздыққа түсіністікпен қарауды сұраймыз.

«Алатау Жарық Компаниясы» АҚ

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/1211602?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді