
Алматы қаласында аудандық полиция басқармаларын біріктірген ерекше визуалды челлендж — “Заң мен тәртіп” жобасы бастау алды.
Жобаның идеясы қарапайым әрі мазмұнға бай. Полицияның әкімшілік ғимараттарының қасбеттерінде жарық арқылы “Заң мен тәртіп” жазуы бейнеленіп, ол қызмет қағидаттарының, жауапкершіліктің және қала тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолындағы күнделікті еңбектің символына айналуда.
Челлендж эстафетасын алғаш болып Наурызбай аудандық полиция басқармасы бастап, кейін бұл бастаманы Алмалы аудандық полиция басқармасы жалғастырды. Алдағы уақытта жоба Алматы қаласы полиция департаментінің барлық аудандық бөлімшелерін кезең-кезеңімен қамтитын болады.
Түнгі уақытта жарқыраған жазу қалалық кеңістіктің айқын элементіне айналып, мегаполис өміріндегі заң мен тәртіптің маңызын бейнелейтін ықшам әрі әсерлі нышан ретінде көрініс табады.
Жобаның авторы Наурызбай аудандық полиция басқармасының бастығы Жанат Омаров бастаманың мәніне тоқталды:
– Бұл тек ғимаратты безендіру емес, әрбір азаматқа түсінікті белгі болуы тиіс деп ойладық. “Заң мен тәртіп” — жай ұран емес, бұл әр полиция қызметкерінің күнделікті жұмысы. Осы мазмұнның тек мағыналық тұрғыда ғана емес, визуалды форматта да, яғни қалалық кеңістікте айқын көрініс табуы маңызды, — деді ол.
Аталған челлендж қала аудандары бойынша кеңінен таралып, Алматы полициясының қызметіндегі сабақтастықты айқындайтын бірыңғай визуалды стильді қалыптастыруға бағытталған.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/qriim/press/news/details/1211429?lang=kk

Жауап қалдыру