АППАРАТ МӘЖІЛІСІ ӨТТІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

✔️Бүгін аудан әкімі Азат Оралбаевтың төрағалығымен аппарат мәжілісі өтіп, күн тәртібінде бірқатар маңызды мәселелер қаралды. Жиынға аудан әкімінің орынбасарлары, бөлім басшылары және ауыл округі әкімдері қатысты.

✔️Мәжілісте алғашқы мәселе бойынша аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің басшысы Берік Алтынбеков Шұбарсу ауылындағы «Ауыл аманаты» жобасының іске асырылу барысы мен көктемгі дала жұмыстарының жағдайы туралы баяндама жасады. Баяндама барысында атқарылған жұмыстар сараланып, алдағы міндеттер айқындал. Тиісті тапсырмалар берілді.

✔️Келесі кезекте Қараспан ауыл округінің әкімі Асхат Абамуслимов 2026 жылы жүзеге асырылып жатқан жобалар мен жоспарлардың орындалу деңгейі туралы есеп берді. Одан бөлек жауапты сала басшылары белгіленген көрсеткіштерге қол жеткізу бағытындағы шаралар мен елді мекендердегі өзекті мәселелер оларды шешу жолдары кеңінен талқыланды. Ауыл округі әкімдері жергілікті деңгейдегі түйткілдерді көтеріп, оларды кезең-кезеңімен шешу бойынша ұсыныстарын жеткізді.

✔️Қосымша мәселелер аясында «Таза Қазақстан» акциясының орындалуы, қоғамдық-саяси ахуал, көктемгі әскерге шақыру науқаны, зиянкестерге қарсы залалсыздандыру жұмыстары, санитарлық тазалық, сондай-ақ әлеуметтік және еңбек қатынастарына қатысты өзге де бағыттар қаралды.

✔️Жиын қорытындысында аудан әкімі жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар жүктеп, жұмыстардың сапалы әрі мерзімінде орындалуын қатаң бақылауға алуды тапсырды.
Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-ordabin-audany/press/news/details/1210923?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді