Ақтөбе облысында ардагерлерді әлеуметтік қолдау мәселелері бойынша дөңгелек үстел өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 24 сәуірде Ақтөбе облысы бойынша халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитеті департаментінің басшысы Г.С. Турсунбаевтың төрағалығымен үкіметтік емес ұйымдар өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді.

Іс-шараға:

«Тәжік-ауған шекарасындағы жауынгерлік іс-қимылдарға қатысушылар ардагерлерінің одағы» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Құлтаев Нұрғиса Бекмұратұлы;
«Ақтөбе облысы бойынша Таулы Қарабақтағы ұлтаралық қақтығысты реттеуге қатысқан жауынгерлік іс-қимылдар ардагерлері» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Прмаганбетов Абай Нуртаевич;
«Семей ядролық сынақ полигоны ерекше тәуекел бөлімшелерінің ардагерлері мен мүгедектері» қоғамдық бірлестігінің Ақтөбе облысы бойынша жетекшісі Далмагамбетов Серик Набиевич  және тағы басқа өкілдері қатысты.
Дөңгелек үстел барысында ардагерлерді әлеуметтік қорғаудың өзекті мәселелері және әлеуметтік көмек көрсету мәселелері талқыланды.
Іс-шара қорытындысы бойынша мемлекеттік органдар мен қоғамдық бірлестіктердің өзара іс-қимылын күшейтуге бағытталған ұсынымдар әзірленді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-aktobe/press/news/details/1211337?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді