Атыраулық этнос өкілдері «Достық» челленджін қолдады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Өңірдегі түрлі ұлт өкілдері «Достық мекені» этнофестивалінде бас қосты.

Фестиваль аясында «Инклюзивті Ассамблея» жобасы шеңберінде жәрмеңке ұйымдастырылып, концерттік бағдарлама көпшілік назарына ұсынылды. Сахнада түрлі этнос өкілдері ән айтып, би билеп, театрландырылған қойылымдар қойды. Сондай-ақ қатысушылар «Достық» челленджіне қатысып, татулық пен ынтымақтың жарқын үлгісін көрсетті.

Іс-шараны Атырау облысы Ішкі саясат басқармасына қарасты Қоғамдық келісім коммуналдық мемлекеттік мекемесі мен университет ұжымы бірлесіп ұйымдастырды.

Айта кетейік, бүгінде өңірде 80-нен астам этнос өкілі мен 18 этномәдени бірлестік жұмыс істейді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau-sayasat/press/news/details/1211545?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді