
Жиынға аудандағы бөлім және мекеме басшылары қатысып, халықтың ұсыныс-пікірлері тыңдалды. Кездесу барысында әр округтің өзекті мәселелері талқыланды:
Жиын барысында Еркінкүш ауылындағы жолдарға қиыршық тас төсеу, Тамды ауылының көшелерін заманауи жарықдиодты (LED) шамдармен жарықтандыруды жалғастыру және Талдысай негізгі мектебіне жаңа ғимарат салу қажеттілігі айтылды.
Сондай-ақ пайдаланылмай жатқан шаруа қожалықтарының жерлерін мемлекет меншігіне қайтарып, оларды елді мекендердің мұқтаждығына беру ұсынысы жасалды.
Кездесу қорытындысы бойынша көтерілген барлық сауалдар мен ұсыныстар хаттамаға енгізіліп, аудан әкімінің жеке бақылауына алынды. Мәселелердің шешілуі заң шеңберінде жүзеге асырылатын болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-alga-tamdy/press/news/details/1211272?lang=kk

Жауап қалдыру