
2026 жылғы 28 сәуір күні Ақмола облысы Әділет департаментінің кызметкерлерімен Ақмола облысы бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» МК» КЕАҚ филиалының аудандық және қалалық АХАЖ бөлімінің қызметкерлерімен «Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді ұйымдастыру, оларға өзгерістер, түзетулер, толықтырулар енгізу, азаматтық хал актілерінің жазбаларын жою және қалпына келтіру» Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2015 жылғы 25 ақпандағы №112 бұйрығына өзгерістер енгізу бойынша онлайн семинар өткізілді.
Семинарда АХАТ ақпараттық жүйесіне деректерді сканерлеу және енгізу мәселелері туралы сұрақтар талқыланды.
Қызметкерлермен қойылған сұрақтарға жауаптар мен түсініктемелер берілді.
Ақмола облысы
Әділет департаментінің
баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-akm/press/news/details/1211300?lang=kk

Жауап қалдыру