
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының басшысы Құсайынов Аманжол Амангелдіұлы медициналық ұйымдардың басшылығы және комплаенс-офицерлерімен кездесті. Іс-шара барысында денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдері түсіндіріліп, олардың алдын алу шаралары талқыланды. Сонымен қатар ашықтық, адалдық және мемлекеттік органдардың қоғаммен тиімді диалог орнатуға дайындығы атап өтілді. Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нариман Ермек құқықтық мемлекеттің басты қағидаттары ретінде әділеттілік пен заңдылықты атап өтіп, бұл бағыттағы бірлескен жұмыстың маңыздылығына тоқталды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-zdrav/press/news/details/1211331?lang=kk

Жауап қалдыру