
Бүгін Бурабай аудандық мәслихатының XLIII (кезектен тыс) сессиясы өтті.
Сессия жұмысына Бурабай ауданы әкімінің міндетін атқарушы С. Нұрғазин, ауданның дербес бөлімдерінің басшылары, сондай-ақ аумақтық сайлау комиссиясының төрайымы Қ. Әбділова қатысты.
Отырыста депутаттар бірқатар маңызды мәселелерді қарап, тиісті шешімдер қабылдады. Атап айтқанда:
- Бурабай ауданы әкімдігі жанындағы жер комиссиясының құрамы мен ережесі бекітілді;
- 2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджетке өзгерістер енгізілді.
Сонымен қатар, келесі мәселелер бір ауыздан мақұлданды:
- «Бурабай ауданының учаскелік сайлау комиссиялары мүшелерін сайлау туралы» мәслихат шешіміне өзгерістер енгізу;
- «Бурабай ауданы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі аудандық ведомствоаралық комиссия құрамын бекіту туралы» шешімге өзгерістер енгізу.
Қабылданған шешімдер жергілікті атқарушы органдардың тиімді жұмысын қамтамасыз етуге және ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуын одан әрі ілгерілетуге бағытталған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-burabay/press/news/details/1211351?lang=kk

Жауап қалдыру