Дропперлікке жол жоқ: алаяқтық схемалардан сақ болыңыз

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Дропперлік — қаржылық алаяқтықтың кең таралған түрлерінің бірі. Бұл — үшінші тұлғалардың заңсыз ақша айналымы үшін азаматтардың банк шоттарын немесе төлем карталарын пайдалануы.

💵

 Қара ниеттілер азаматтарды алдап, “жеңіл табыс” ұсынады. Мұндай ұсыныстар қауіпсіз болып көрінгенімен, олардың артында заңға қайшы әрекеттер жатыр.

⚡️

 Полиция банктер күмәнді қаржылық операцияларды тұрақты түрде бақылауда ұстайтынын ескертеді. Егер қысқа уақыт ішінде көптеген аударым жасалса, әртүрлі тұлғалардан қаражат түссе немесе шоттар алаяқтықпен байланысты болса, келесі шаралар қабылданады:

🔴

 есепшотқа қызмет көрсетуді уақытша шектеу;

🔴

 жүргізілген операциялар бойынша түсініктемелер мен құжаттар талап ету;

🔴

 шоттағы қаражатты толық бұғаттау;

🔴

 материалдарды құқық қорғау органдарына жолдау;

🔴

 азаматты банктің “қара тізіміне” енгізу.

Мұндай жағдайда азамат банк қызметтерін пайдалану мүмкіндігінен айырылады.

❗️

 Есте сақтаңыз, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, дропперлік үшін қылмыстық жауапкершілік көзделген. Заңды білмеу — жауапкершіліктен босатпайды. Сақ болыңыз!

#ЗАҢМЕНТӘРТІП 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-kyzylorda/press/news/details/1211395?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді