КЕҢЕЙТІЛГЕН АППАРАТ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

аудан әкімінің міндетін атқарушы Д.Кәрсембаевтың төрағалығымен кеңейтілген аппарат отырысы өткізілді.
Күн тәртібіне көшпес бұрын аудан әкімінің міндетін атқарушы бірқатар кадрлық өзгерістерге тоқталып өтті. Нақтырақ айтқанда ауданның кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі басшысы лауазымына тағайындалған Самат Аманжолұлы Ахмедияны, ауданның тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімі басшысы лауазымына тағайындалған Әлібек Елубекұлы Құлсаровты және ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысы лауазымына тағайындалған Шоқан Кәмелұлы Жүністі, аудандық мәдени-сауық орталығының директоры лауазымына тағайындалған Бесимов Нұржан Тұрсұнұлын барша әріптестерінің алдында таныстырып, жұмыстарына сәттілік тіледі.

Осыдан кейін, күн тәртібінде Бірлік күні, Отан қорғаушылар күні және Ұлы Жеңіс мерекелерін жоғары деңгейде ұйымдастыру және өткізуге дайындық мәселелері жан-жақты қаралды. Аталған мерекелер аясында аудан көлемінде мәдени-көпшілік, патриоттық және спорттық іс-шараларды ұйымдастыру, ардагерлерге құрмет көрсету, мерекелік безендіру жұмыстарын жүргізу, сондай-ақ қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытындағы шаралар пысықталды.

Сонымен қатар, отырыс барысында ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты бірқатар өзекті мәселелер талқыланды. Атап айтқанда, жылу беру маусымының тұрақты өту барысы қаралып, тұрғындарды үздіксіз және сапалы жылумен қамтамасыз ету мәселесіне ерекше назар аударылды.
Сондай-ақ, Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасының орындалу барысы сараланды. Бағдарлама аясында елді мекендерді абаттандыру, санитарлық тазалықты сақтау, көгалдандыру жұмыстарын жандандыру және қоршаған ортаны қорғау бағытындағы атқарылған шаралар туралы баяндалды.

Жиын қорытындысы бойынша аудан әкімінің міндетін атқарушы Д.Кәрсембаев жауапты бөлімдер мен мекеме басшыларына нақты тапсырмалар беріп, белгіленген міндеттердің сапалы әрі уақытылы орындалуын қатаң бақылауда ұстауды тапсырды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-shet/press/news/details/1211798?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді