Көкшетау қаласында “Спорт есірткіге қарсы” ұранымен футболдан балалар турнирі өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 25-26 сәуір аралығында футбол алаңында 2014-2015 жылғы жас футболшылар арасында футболдан облыстық турнир өтті.
Іс-шара Ақмола облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қолдауымен өткізілді.
Турнирдің мақсаты-оқушыларды дене шынықтыру және спортпен шұғылдануға баулу, денсаулықты нығайту, өскелең ұрпақтың есірткіге қарсы белсенді ұстанымын қалыптастыру.
Финалда үздік болу құқығы үшін 8 команда таласты. Ойын тартысты, эмоционалды және әсерлі болды. Бірінші орын алған команда есірткімен күрес полицейлерінен арнайы сыйлықтар алды, ал номинациялармен марапатталған балалар полиция департаментінің ЕҚІҚБ бағалы сыйлықтарымен марапатталды.
“Спортты дамыту-біздің болашақ ұрпағымыздың, тәуелсіз мемлекеттің дені сау “негізін қалаушылардың” негізі. Спорт, ал бұл жағдайда футбол – есірткіге ең жақсы баламалардың бірі”, – деп атап өтті Ақмола полицейлері.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-akmola/press/news/details/1211590?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді