
Көкшетауда болашақ Wyndham қонақүйінің іргетасына уақыт капсуласын салу рәсімі өтті. Бұл нысан қаланың қалыптасып келе жатқан іскерлік және туристік инфрақұрылымының бір бөлігіне айналады. Жоба өңір басшылығының қолдауымен жүзеге асырылып, Ақмола облысының инвестициялық әлеуетін дамытуға бағытталған.
Мердігер ұйым өкілінің айтуынша, Raise Capital ЖШС құрылтайшысы Амангелді Әкімовтың мәліметінше, болашақ 9 қабатты қонақүй тұжырымдамаға сәйкес 54 нөмірден, мейрамханадан, конференц-залдан, SPA-аймақтан, фитнес-орталықтан, автотұрақтан және электр көліктеріне арналған қуаттау станциясынан тұрады.
Құрылыс жұмыстарын аяқтау мерзімі 2027 жылға жоспарланған. Сонымен қатар инвесторлар жұмысты жеделдетіп, нысанды жазғы туристік маусымға дейін пайдалануға беруді көздеп отыр.
«Бұл жобаны тек қонақүй құрылысы ретінде ғана емес, Көкшетау қаласы мен жалпы өңірдің туристік, іскерлік және инвестициялық тартымдылығын арттыратын маңызды инфрақұрылымдық актив ретінде қарастыру қажет», – деп атап өтті Марат Ахметжанов.
Өңір басшысына сондай-ақ «Жаңа жағалау-2» жағалауының жобасы таныстырылды. Мұнда қоғамдық жағажай ұйымдастыру жұмыстары басталған. Қала әкімі Әнуар Күмпекеев плитка мен құм үлгілерін көрсетіп, шамамен 10 мың шаршы метр брусчатканы ауыстыру жоспарланып отырғанын айтты. Жағажай құтқару станциясымен, санитарлық аймақтармен, медициналық пунктпен, душ кабиналарымен және шезлонгтармен жабдықталады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/1211727?lang=kk

Жауап қалдыру