Көлік министрлігі Астанада ауыр жүк көліктеріне бақылауды күшейтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ағымдағы жылдың 1 сәуірінен бастап Астана қаласының аумағында Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі, Полиция департаменті және Астана қаласының әкімдігі бірлесіп ауыр жүк тасымалдайтын самосвалдардың қозғалысын бақылауды күшейтуге бағытталған рейдтік іс-шаралар өткізуде.

Негізгі назар инертті материалдарды тасымалдайтын автокөлік құралдарының рұқсат етілген салмақтық және габариттік параметрлерін сақтауына аударылуда. Бақылау іс-шараларымен қаланың негізгі кіреберістері, сондай-ақ құрылыс жүктері қарқынды тасымалданатын көше учаскелері қамтылған.

Күшейту шаралары аясында көліктік бақылаудың 6 жылжымалы бекеті жұмылдырылды. Сонымен қатар, еліміздің 17 өңірінен көліктік бақылау инспекцияларының қызметкерлері тартылды.

Рейдтік іс-шаралар басталғалы бері 622-ге жуық автокөлік құралы тексеріліп, нәтижесінде көлік заңнамасының талаптарын бұзудың
347 фактісі анықталды, оның ішінде артық жүктеу жағдайлары бар. Анықталған құқық бұзушылықтар бойынша 92 миллион теңгеден астам сомаға айыппұл салынды.

Өткізіліп жатқан іс-шаралар жол инфрақұрылымын сақтау, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және автомобиль жолдарының мерзімінен бұрын тозуын болдырмауға бағытталған.

Көлік министрлігі жүргізушілер мен тасымалдаушыларды Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарын қатаң сақтауға, көлік құралдарына артық жүк артпауға және жол желісін пайдалануға жауапкершілікпен қарауға шақырады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/1210944?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді