Конституциялық Сотта «Ассамблея жастары» өкілдерімен ашық диалог өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Телеграмм КС – https://t.me/consot_kz

 

Конституциялық Соттың Төрағасы Эльвира Азимова «Ассамблея жастары» республикалық қоғамдық бірлестігінің жастар қозғалысының төрағасымен және оның өңірлік өкілдіктерінің жетекшілерімен диалог өткізді.

Шараға сондай-ақ Конституциялық Соттың судьясы Сергей Ударцев қатысты.

Кездесу барысында конституциялық реформаны іске асыру жағдайындағы жастардың рөлі туралы мазмұнды пікір алмасу өтті. Қатысушылар жас ұрпақтың құқықтық мемлекет құру және азаматтық қоғамды дамыту үдерістеріне тартылуының маңызын талқылады.

Эльвира Азимова қатысушыларды халықтық Конституцияның негізгі ережелерімен таныстырып, қазіргі қоғамдық сұраныстар мен мемлекеттік саясаттың басымдықтарын бейнелейтін нормаларға ерекше назар аударды. Сондай-ақ жаңа құқықтық жағдайларда жастар үшін ашылатын мүмкіндіктерге айрықша мән берілді.

Сонымен қатар, құқықтық мәдениетті қалыптастыру мен еліміздің жарқын болашағын қамтамасыз етудегі қоғамдағы өзгерістердің негізгі қозғаушы күші, жаңа идеялар мен құндылықтардың тасымалдаушысы – жастардың маңыздылығы атап өтілді.

Диалог аясында қатысушылар жаңа Конституция жағдайында жастармен ынтымақтастықты дамыту, еріктілік қызметті қолдау, өңірлердегі кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау, сондай-ақ 2026 жылғы конституциялық реформаның отандық құқықтану тарихындағы маңызына қатысты қойылған сұрақтарға сараптамалық жауаптар алды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ksrk/press/news/details/1211664?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді