Маңғыстау облысында 537 шақырым электр беру желісі мен 11,4 шақырым жылу желісі жөнделуде

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Маңғыстау облысында 2026–2027 жылдардың күзгі-қысқы кезеңіне дайындық аясында жылумен жабдықтау жүйелерінің сенімді әрі үздіксіз жұмысын қамтамасыз етуге бағытталған жөндеу науқаны жүзеге асырылуда.

Облыстағы энергия өндіруші кәсіпорындарда 4 қазандық агрегаты мен 3 турбоагрегатқа күрделі жөндеу жүргізу жоспарланған. Бүгінгі таңда бір қазандық агрегаттың жөндеу жұмыстары аяқталу сатысында, бұл оны жақын арада штаттық режимде пайдалануға беруге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, 4 ағымдағы жөндеу жұмыстары толық аяқталды, қалған жөндеу жұмыстары бекітілген кестеге сәйкес жүргізілуде.

Электр желілерінің жай-күйіне ерекше назар аударылуда. Дайындық шаралары аясында 537 шақырым электр беру желісін, 2 қосалқы станцияны және 77 трансформаторлық қосалқы станцияны жөндеу жоспарланған. Қазіргі уақытта жұмыстар жоспарға сәйкес атқарылуда.

Жылумен жабдықтау саласында орталықтандырылған жылу желілерінің 11,4 шақырымын жөндеу көзделген. Ақтау қаласында жылу желілеріне сынақтар жүргізілді, қазіргі уақытта келесі кезеңге дайындық жұмыстары жүргізілуде.

Жалпы алғанда, жоспарланған барлық іс-шаралар бекітілген жоспарлар мен кестеге сәйкес жүзеге асырылуда.

Жылыту маусымына дайындық барысы Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің Маңғыстау облысы бойынша аумақтық департаментінің тұрақты бақылауында.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kaenk/press/news/details/1211237?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді