Маңғыстаулық педагог республикалық байқауда жүлделі орын иеленді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Маңғыстаулық педагог республикалық байқауда жүлделі орын иеленді

Маңғыстаулық педагог Шоқан Туйебаев Астана қаласында өткен IT саласы бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері арасында республикалық кәсіби шеберлік конкурсында жүлделі орын иеленді, деп хабарлайды Қоғамдық коммуникация орталығы. Облыстық білім басқармасының баспасөз қызметінің мәліметінше, байқауға «Мобильді робототехника» құзыреттілігі бойынша қатысқан Халел Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау жоғары политехникалық колледжінің арнайы пән оқытушысы Шоқан Туйебаев жоғары нәтиже көрсетіп II орынды иеленді. Айта кетейік, конкурс білім басқармасының «TALAP» КеАҚ-ның және Астана қаласы әкімдігінің «ASTANA POLYTECHNIC» жоғары колледжі жанындағы оқу-әдістемелік бірлестіктің ұйымдастыруымен өтті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-uvp/press/news/details/1211170?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді