
Бүгін «English Song Contest – 2026» облыстық ән байқауының облыстық кезеңі өтті. Байқауға өңірдің түкпір-түкпірінен жиналған талантты әрі шығармашыл оқушылар қатысып, ағылшын тілін меңгеру деңгейін, вокалдық қабілеттерін және сахналық шеберліктерін жоғары деңгейде көрсетті.
Байқау қорытындысы бойынша «Тоқсан би орта мектебі» КММ 3-сынып оқушысы Рымарчук Виолетта І орынға ие болды. Оның өнері қазылар алқасын әсерлі орындауымен, анық дыбысталуымен және жарқын сахналық бейнесімен тәнті етті.
Виолеттаның жеңісі — оның тынымсыз еңбегінің, табандылығының және ұстаздары мен ата-анасының қолдауының нәтижесі. Бұл жетістік тек оқушы үшін ғана емес, бүкіл мектеп үшін де үлкен мақтаныш.
Рымарчук Виолеттаны лайықты жеңісімен құттықтай отырып, алдағы уақытта шығармашылық табыс, жаңа жетістіктер тілейміз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/gmusrep-roo/press/news/details/1211541?lang=kk

Жауап қалдыру