
23 сәуірінде «KazAID» Қазақстандық Халықаралық даму агенттігінің Басқарма төрағасы А. Арыстанов 2026 жылғы Өңірлік экологиялық саммит аясында Экономикалық зерттеулер институты ұйымдастырған «Орталық Азиядағы су секторын тұрақты қаржыландыру: сын-қатерлер, мүмкіндіктер және ынтымақтастық жолдары» атты сессияда сөз сөйледі.
Өз сөзінде ол Орталық Азиядағы су ресурстарын орынды пайдалану және тиімді басқару мәселесі бірлескен әрекет етуді талап ететінін атап өтті. Өз сөзінде ол «Достық: Дипломатия» бағдарламасы аясында агенттік жүзеге асырған, су дипломатиясы мен трансшекаралық су ынтымақтастығы мәселелеріне арналған жобалардың табысты мысалдарын келтірді. Осылайша, KazAID өңірде тұрақты «су қауымдастығын» қалыптастыруға үлес қосады.
А. Арыстанов сондай-ақ KazAID-тің су секторының тұрақты қаржыландырылуына арналған даму ресми көмегі (ДРК) жобаларына қатысуға, қазақстандық ұйымдармен, Халықаралық Аралды құтқару қорымен және халықаралық институттармен Оңтүстік-Оңтүстік және үшжақты ынтымақтастық аясында ынтымақтастықты нығайтуға дайын екенін растады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kazaid/press/news/details/1211730?lang=kk

Жауап қалдыру