Қазақстан бірлік мекені

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«Семей қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ-нің Шақаман ауылындағы кітапхана-бөлімшесінің қызметкерлері 1-4 және 5-7 сынып оқушыларының қатысуымен Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған «Қазақстан бірлік мекені» атты сурет байқауын өткізді.

Іс-шара басында кітапхана қызметкері Қазақстандағы түрлі ұлт өкілдері арасындағы бірлік пен келісім идеяларын насихаттауға ерекше назар аударып, балалардың шығармашылық қиялын дамытуға және олардың бейнелеу өнеріне деген қызығушылығын арттырудың маңыздылығын атап өтті.

Шара жалғасында қатысушылар «Қазақстан – бірлік мекені» тақырыбында салған суреттерін ұсынып, өз туындылары арқылы достық, бейбітшілік, мәдени әралуандылық пен еліміздегі халықтардың бай дәстүрлерін көркем бейнелей білді. Әрбір жұмыс балалардың Отанға деген сүйіспеншілігін, қиялы мен шығармашылық ізденісін айқын көрсетті.

Байқау қорытындысы бойынша үздік жұмыстар арнайы марапаттарға ие болып, барлық қатысушыларға алғыс хаттар табысталды. Сонымен қатар, ең үздік суреттерден көрме ұйымдастырылып, келушілер назарына ұсынылды. Бұл көрме қатысушылардың шығармашылық жетістіктерін паш етіп қана қоймай, көрермендерге ерекше әсер сыйлады.

«Қазақстан – достық пен татулық мекені» атты достық кешін №6 кітапхана-бөлімшесінің қызметкері «Радуга» балабақшасының «Смешарики» тобы тәрбиеленушілерінің қатысуымен өткізді.

Кеш басында кітапхана қызметкері қатысушыларды келе жатқан мерекемен құттықтап, бүлдіршіндермен бірге «Родина моя» әнін орындады. Сондай-ақ «Отан» ұғымының ауқымын түсіндіріп, туған қаламызды, өз отбасымызды және көркем де кең байтақ Қазақстан Республикамызды осы ұғымға жатқызатынымызды атап өтті.

Қазақстанның көпұлтты құрамына ерекше назар аударылып, елімізде 100-ден астам ұлт өкілдері өмір сүретіні, олардың достық, келісім және өзара құрмет рухымен біріктірілгені айтылды. Бұл ел бірлігінің, татулық пен бейбітшіліктің тірегі екені тілге тиек етілді.

Шара барысында балалар Отан мен достық туралы өлеңдер оқып, ән айтып, би биледі. Сонымен қатар, қатысушылардың таным көкжиектерін кеңейту мақсатында «Елімізді білеміз бе?» танымдық ойыны өткізіліп, мерекенің мән-мағынасы мен тарихи маңызы баяндалатын «1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні» атты бейнеролик көрсетілді.

Іс-шара қорытындысында «Қазақстан – бейбітшілік пен достық мекені» атты кітап көрмесінде ұсынылған әдебиеттерге шолу жасалды.

 

 

 

 

Қалалық орталық кітапхана

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-semey/press/news/details/1211644?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді