Қазақстан бизнес пен халықаралық серіктестердің қатысуымен Ұлттық біліктілік жүйесін күшейтуде

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Астанада мемлекеттік органдар, халықаралық ұйымдар және бизнес өкілдерінің қатысуымен Ұлттық біліктілік жүйесін нығайту тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Іс-шара Еуропалық қайта құру және даму банкі (ЕҚДБ) және Ernst & Young (EY) қатысуымен ұйымдастырылып, жұмыс берушілердің біліктіліктерді дамытудағы және экономика үшін кадрлар даярлаудағы рөлін талқылауға бағытталды.
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі атынан дөңгелек үстел жұмысына электр энергетикасы саласының өкілдері қатысты. Атап айтқанда, алаңда KEGOC АҚ, Самрук-Энерго АҚ, Астана-Теплотранзит АҚ, сондай-ақ «Kazakhmys Energy» компаниясы, Алатау Жарык Компаниясы АҚ, МРЭК АҚ және Қазақстандық Электр энергетикалық қауымдастығы өкілдері болды.
Сессиялар барысында қатысушылар Ұлттық біліктілік жүйесін дамытудың негізгі бағыттарын, саланы цифрлық трансформациялау мәселелерін, сондай-ақ кәсіби стандарттар мен кадрларға қойылатын талаптарды қалыптастырудағы бизнестің рөлін арттыруды талқылады.
Энергетика саласындағы адами капиталды дамытуға, мемлекет пен жұмыс берушілер арасындағы өзара іс-қимылды жетілдіруге, сондай-ақ мамандарды даярлаудың заманауи тәсілдерін енгізуге ерекше назар аударылды.
Іс-шара қорытындысы бойынша энергетика саласы мен жалпы еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, біліктілік жүйесін одан әрі жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірленді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/energo/press/news/details/1211756?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді