ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

2026 жылдың 28 сәуірінде аудандық Қоғамдық кеңестің отырысы өткізілді. Кеңес отырысына тиісті бөлім және мекеме басшылары қатысты.

Қоғамдық кеңес төрағасы Қ.Құлмаханның төрағалығымен болған отырыста келесі мәселелер қаралды:

  1. «Жалағаш ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы» Жалағаш аудандық мәслихатының шешім  жобасын талқылау.     
  2. «Жалағаш қызметі» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының атқарып жатқан жұмыстары мен алдағы міндеттері туралы.

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Ғ.Ербол хабарлама жасады.

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына  сәйкес аудан әкімдігі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бюджет қаражаты есебінен тұрғын үй сертификаттарын береді.

Тұрғын үй сертификаты – Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бекіткен ипотекалық бағдарлама шеңберінде және «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тұрғынжай сатып алу кезінде ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша бастапқы жарнаның бір бөлігін жабу үшін Қазақстан Республикасының азаматтарына берілетін жергілікті атқарушы органның ақшалай міндеттемесінің нысаны.

«Жалағаш ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы» Жалағаш аудандық мәслихатының шешім жобасы қабылданған жағдайда халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтарына жататын азаматтардың тұрғын үйге қолжетімдігі артады, яғни заңнамада белгіленген тәртіппен 2026 жылы мұқтаж азаматтарға тұрғынжай сатып алу кезінде ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша бастапқы жарнаның бір бөлігін жабу үшін қаржылай көмек көрсетіледі.

Қоғамдық кеңес мүшелері Қ.Құлмахан, Б.Ибраева тұрғын үй сертификатының берілу тәртібі, мерзімі, реттілігі туралы сұрақтарын қойып, жауаптарын алды.           

Екінші мәселеге байланысты «Жалағаш қызметі» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының басшысы Б.Дүйсенбиев баяндады.

«Жалағаш қызметі» кәсіпорны 2025 жылы ақпан айында құрылып, сәуір айында өз жұмысын бастаған.Сол уақыттан бері Жалағаш кенті мен 14 ауылдық округтеріне санитарлық тазалау жұмыстары жүргізілген.

Оның ішінде Жалағаш кенті бойынша 2025 жылы 13,0 млн теңгеге келісім шарт жасалып, 23 мың тонна қатты тұрмыстық қалдықтар шығарылған. Қазіргі таңда Жалағаш кенті әкімімен ағымдағы жылы 20,0 млн теңгеге келісім шарт жасалып, тиісті жұмыстар атқарылуда.

Сонымен қатар, Жалағаш кентіндегі жеке кәсіпкерлермен және тұрғындармен тұрмыстық қалдықтарды шығаруға келісім шарт жасалынып, Kaspi.kz банк қосымшасы арқылы төлем жасау мүмкіндігі қарастырылуда. 

Жалағаш кентіндегі орталық алаң, саябақтар, балалар ойын алаңдары және спорт алаңдарына ағымдағы жөндеу (сырлау, әктеу, жабдықтарды дәнекерлеу) жұмыстары және күнделікті қоқыстарды тиеу, кенттің оңтүстік-шығыс бөлігіндегі Ақсу жолы бойындағы  арнайы қоқыс төгетін орынға тасымалдау жұмыстары жүргізілуде. Жалпы кент бойынша жыл басынан бері  4915,5 тонна қатты тұрмыстық қалдықтар шығарылған.

Кент орталығындағы барлық бөлім, мекеме ұжымдарының қатысуымен ақпан айында болған табиғи құбылыстың салдарынан сынған талдар мен бағаналарды  кесу, тазалау, сыртқа шығару жұмыстары атқарылған.

Қазіргі уақытта Жалағаш кентінде аяқ су ағатын арықтарды механикалық тазалау, құбырларды ауыстыру жұмыстары жүргізілуде. Көркейту-көгалдандыру жұмыстары барысында  6 тонна (200 қап) әк сатып алынып, барлығы 5000-нан астам ағаш талдарын ақтау жұмыстарына жұмсалуда.

Кент ішіндегі аяқ су көтерілмейтін жерлерге демеушілік есебінен 9 насос орнатылған. Сондай-ақ, Жалағаш кенті көше жолдарына жолақтар сызу жүргізілуде.

Кеңес мүшелері Қ.Құлмахан, Ғ.Дүйсекбаев, Б.Ибраева, А.Тауыпбаев тұрмыстық қалдықтарды шығаруға келісім шартқа байланысты, кәсіпорындағы техникалардың жағдайы мен жеткіліксіздігі, егілген талдарды қоршау, арықтарды қазу, насостарды ауыстыру туралы сұрақтары  мен ұсыныстарын айтты.

Қоғамдық кеңес жұмысын кеңес төрағасы Қ.Құлмахан қорытындылады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-zhalagash/press/news/details/1211595?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді