Қостанай облысында тұрғын үй құрылысының қарқыны артып келеді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Өңірде тұрғын үй құрылысын дамыту және халық үшін баспананың қолжетімділігін арттыру бағытындағы жұмыстар белсенді түрде жалғасуда. Негізгі басымдық — азаматтарды сапалы тұрғын үймен қамтамасыз ету және әлеуметтік осал санаттарды қолдау.

«Биылғы жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша облыста 126,3 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 104,9%-ды құрайды. Жалпы, 2026 жылы шамамен 520 мың шаршы метр тұрғын үй салу жоспарланып отыр. Көпқабатты тұрғын үйлер құрылысы жүзеге асырылып, инженерлік инфрақұрылым дамытылуда, сондай-ақ жастар мен кезекте тұрған азаматтар үшін жеңілдетілген несиелеу бағдарламалары жұмыс істеуде», — деді құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Дидар Тлеубаев.

Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасып, тұрғын үйдің қолжетімділігін арттыруға және облыс тұрғындарының өмір сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-zhitikarin-toktarov/press/news/details/1211049?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді