
Қорғалжын ауданы әкімдігінің жанындағы құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті. Комиссия отырысына Қорғалжын ауданының әкімі Алин Алмас Аянұлы, аудан прокуроры Жасұлан Кемелбеков, құқық қорғау органдарының өкілдері, ауылдық округ әкімдері мен бөлім басшылары қатысты.
Күн тәртібінде аудан аумағындағы криминогендік жағдай, мал ұрлығы мен жеке мүлікті тонау қылмыстарының алдын алу, сондай-ақ ұйымдасқан қылмыстық топтардың әрекеттеріне жол бермеу мәселелері қаралды.
Отырыс барысында аудандық полиция бөлімінің 2026 жылдың І тоқсанындағы жұмыс қорытындылары тыңдалып, құқық бұзушылықтың алдын алу бағытындағы бірқатар маңызды тапсырмалар берілді.
Атап айтқанда, елді мекендерде бейнебақылау жүйелерін орнату, көшелерді жарықтандыру, алаяқтықтың алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстарын күшейту, малды тіркеу және патрульдік бақылауды арттыру мәселелері тапсырылды.
Жиын қорытындысы бойынша жауапты мекемелерге нақты міндеттер жүктеліп, олардың орындалуын бақылау тұрақты негізде жүргізілетін болды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-korgaljin/press/news/details/1211502?lang=kk

Жауап қалдыру