
2026 жылғы 30 сәуірде сағат 10:00-де Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитеті департаментінің «Facebook.com» әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында (https://www.facebook.com/depsocsko/
) халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімінің басшысы Габдуллина Гаухар Лесбекқызының «Әлеуметтік қызметтер порталының қабылданып жатқан шаралары және оны одан әрі жетілдіру туралы» тақырыбында тікелей эфирі өтеді.
Тікелей эфир барысында Сіз оңалтудың техникалық құралдарымен қамтамасыз ету тәртібі бойынша өзіңізді қызықтырған сұрақтарды қоя аласыз.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-sko/press/news/details/1211162?lang=kk

Жауап қалдыру