Рысбек батыр көшесі қайта жаңғыртылып, ені кеңейтілуде

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қала әкімі Рысбек батыр көшесіндегі жол жөндеу жұмыстарының барысымен танысты. Бұл көше — қаладағы маңызды көлік бағыттарының бірі. Күнделікті жүздеген автокөлік қатынайтындықтан, мұнда жүргізіліп жатқан әрбір жұмыс тұрғындардың жайлы қозғалысы мен жол қауіпсіздігіне тікелей әсер етеді. Сондықтан жолды жаңғырту жұмыстары ерекше назарға алынған,

Ұзындығы 1,9 шақырымды құрайтын көшеде бүгінде ауқымды жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі таңда мердігер — «Арайстроймаркет-2003» ЖШС тарапынан асфальт жабындысының екінші қабатын төсеу жұмыстары атқарылып жатыр. Бұл жолдың сапасын арттырып, оның ұзақ мерзім пайдаланылуына мүмкіндік береді. Жұмыстар белгіленген талаптарға сай әрі кезең-кезеңімен жүзеге асуда. Жобаны 1 қыркүйекке дейін толық аяқтау көзделіп отыр.

 Жол жөндеу тек асфальт төсеумен шектелмейді. Жоба аясында көше бойындағы инфрақұрылымды жақсарту, жолдың техникалық сипаттарын күшейту, көлік қозғалысына қолайлы жағдай жасау шаралары да қарастырылған. Нәтижесінде жолдың өткізу қабілеті артып, ені кеңейтіліп, көлік ағынын тиімді реттеуге мүмкіндік туады.

Рысбек батыр көшесін жаңарту мәселесі тұрғындар тарапынан жиі көтеріліп келген өзекті мәселенің бірі болатын. Әсіресе жол сапасы, қозғалыс тығыздығы мен көлік кептелісі бойынша айтылған ұсыныс-пікірлер ескеріліп, бүгінде нақты жұмыстарға ұласуда.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-taraz/press/news/details/1211491?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді