2026 жылғы 8 мамырда сағат 16:00-де аудан әкімдігінің мәжіліс залында сегізінші шақырылған Жуалы аудандық мәслихатының кезектен тыс, алпыс алтыншы сессиясы өтеді.
Сессияның қарауына келесі мәселелер енгізіледі:
- Жуалы ауданы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның құрамын бекіту туралы;
- «Учаскелік сайлау комиссияларының құрамдары туралы» Жуалы аудандық мәслихатының 2023 жылғы 25 желтоқсандағы №14-9 шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
- Әр түрлі мәселелер.
Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы 2026 жылғы 8 мамырда сағат 15:00-де өтеді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-zhualy/press/news/details/1211716?lang=kk

Жауап қалдыру