Семейде баскетболдан 3х3 іріктеу турнирі өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылдың 25 сәуірінде №50 IT мектеп-лицейінің спорт залында Абай облысы әкімінің жүлдесіне арналған халық спорты ойындары аясында баскетболдан (3х3) іріктеу жарысы ұйымдастырылды.

Турнирге қаланың түрлі оқу орындары мен спорт ұйымдарынан жиналған ерлер және әйелдер командалары қатысты.

Жарыстың басты мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау және облыстық деңгейдегі додаға ең үздік спортшыларды іріктеу.

Тартысты өткен ойындардың қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталып, алдағы облыстық халық спорты ойындарына жолдама алды.

 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-semey/press/news/details/1211479?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді