ШҚО-да мүгедектік алуға үміткер науқастарды сырттай куәландыру жобасы жүзеге асырылуда

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Шығыс Қазақстан облысында мүгедектікке үміткер азаматтарды «жекелеген деректері жасырылған» форматта куәландыру жобасы белсенді жүзеге асырылып жатыр.

Бұл – 2021 жылдан бері енгізілген сырттай проактивті куәландыру жүйесі. Жоба сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға және шешім қабылдау үдерісінің ашықтығын арттыруға бағытталған. ШҚО бойынша Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитеті департаменті басшысының міндетін атқарушы Наталья Литкенің айтуынша, пациенттерді куәландыру кезінде олардың жеке деректері толықтай жасырындалады.

– Емханадан жолдама берілген кезде пациенттің аты-жөні, туған күні, мекенжайы секілді барлық жеке мәліметтері алынып тасталады. Құжаттар автоматты түрде Қазақстанның басқа үш өңіріндегі сарапшыларға жіберіледі. Яғни біздің пациенттерді өзге облыстар қарайды, ал біз басқа өңірлердің материалдарын қараймыз, – деді ол.

Маманның сөзінше, бұл тәсіл дәрігерлер арасындағы кез келген бейресми байланыстарды болдырмайды және шешімнің объективті болуын қамтамасыз етеді. Жүйе толықтай автоматтандырылған: құжаттарды өңірлер арасында жіберуге шамамен бес жұмыс күні, ал сарапшылардың қарауына үш күндей уақыт кетеді.

Қазіргі таңда жоба өңірде жақсы қарқынмен іске асып жатыр. Ресми мәліметке сәйкес, ШҚО-да қызмет көрсету үлесі 50 пайыздан асқан.

 Дереккөз: ШҚО ӨКҚ

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/1210921?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді