
Өскемен қаласында мемлекеттік қызметшілердің облыстық Спартакиадасы аясында жүзуден жарыстар өтті. Мемлекеттік аппарат өкілдері арасында салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған додада қалалар мен аудандар, сондай-ақ облыстық басқармалар мен департаменттердің құрамалары бақ сынады.
Тартысты өткен су айдынындағы бәсекелердің қорытындысы бойынша қалалар мен аудандар арасында Өскемен қаласының командасы топ жарып, 1-орынды иеленді. Жүлделі екінші орын Шемонаиха ауданына бұйырса, үшінші орынды Глубокое ауданының мемлекеттік қызметшілері місе тұтты.
Облыстық ведомстволар мен аумақтық департаменттер арасында Мемлекеттік кірістер департаменті алтын тұғырдан көрініп, үздік атанды. Екінші орынды ШҚО әкімі аппаратының ұжымы иеленсе, үшінші орынға Қазынашылық департаментінің қызметкерлері тұрақтады. Спартакиада аясындағы мұндай жарыстар мемлекеттік қызметшілердің спорттық шеберлігін арттырып, ұжымдық рухты нығайтуға септігін тигізеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-sport/press/news/details/1211655?lang=kk

Жауап қалдыру