
«Білім беру жүйесінде конституциялық принциптерді ілгерілету – сапаны арттыру мен құқықтық қорғалудың факторы ретінде» – Дәл осындай тақырыпта облыс орталығында педагогтарға арналған конференция өтті. Іс-шараға қала мен облыс мектептерінің мұғалімдері қатысты.
Конференцияның басты мақсаты – білім беру жүйесіне конституциялық принциптер мен заңнаманың жаңа талаптарын енгізу арқылы білім сапасын арттыру және білім алушылардың құқықтық қорғалуын қамтамасыз ету болды. Мектептерде жаңа нормаларды іс жүзінде іске асыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.
https://qyzyljartv.kz/kz/news/46811

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/control-sko/press/news/details/1211671?lang=kk

Жауап қалдыру