«Студенттік көктем – 2026» облыстық байқауының соңғы кезеңі мен қорытынды марапаттау рәсімі өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бір аптаға созылған «Студенттік көктем – 2026» облыстық байқауы өз мәресіне жетті. Байқаудың шешуші кезеңі – «Жайдарман» ойыны болды. Оған дейін өткен кезеңдерде қатысушылар түрлі бағыттар бойынша бақ сынап, өзара тәжірибе алмасып, командалар арасында етене байланыс қалыптасты. Жалпы қорытынды бойынша «Үздік жоғары оқу орны» номинациясын Шәкәрім университеті жеңіп алса, ал «Үздік техникалық және кәсіптік білім беру ұйымы» аталымы Геологиялық барлау колледжіне табысталды. Барлық кезеңдердің нәтижелері ескеріліп, жеңімпаздар мен жүлдегерлер тиісті марапаттарға ие болды. Ауқымды жоба аясында өңір бойынша 1000-ға жуық жас тікелей қамтылып, жанама қамту көрсеткіші 5000-ға жуық жасты құрады. Байқау барысында қатысушылар түрлі бағыттарда өз қабілеттерін көрсетіп, тәжірибе алмасып, белсенді орта қалыптастырды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-zhastar-basqarmasy/press/news/details/1211699?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді