«Студенттік көктем – 2026»

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Биылғы додаға өңірдегі 3 жоғары оқу орны мен 6 техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері қатысып, бір апта бойы өзара бақ сынайды. Байқаудың алғашқы күні «Dance battle» кезеңімен ашылды. Қатысушылар street dance бағытында өнер көрсетіп, өз шеберліктерін, ырғақ сезімін және креативтілігін сахнада дәлелдеді. Іс-шара барысында «Заң мен тәртіп» қағидаты мен «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасының маңызы кеңінен насихатталып, жастар арасында жауапкершілік, тәртіп және экологиялық мәдениет құндылықтары дәріптелді.Жеңімпаздарды марапаттау рәсіміне Абай облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарма басшысы Олжас Түсіпбекұлы Бейсенбаев қатысып, қатысушыларды құттықтап, олардың шығармашылық белсенділігі мен талпынысына жоғары баға берді. Dance battle» кезеңі 500-ге жуық жастың басын қосып, нағыз би мерекесіне айналды.Street dance бағыты бойынша өткен бұл кезең жастар арасында ерекше сұранысқа ие формат ретінде қатысушылардың шығармашылық әлеуетін ашуға мүмкіндік берді. Сахнада әр команда өз стилін, ерекше қозғалысын және сахналық мәдениетін көрсетіп, көрермендерге жарқын эмоция сыйлады. Байқаудың әділ әрі кәсіби деңгейде өтуін қамтамасыз ету мақсатында қазылар алқасы тәжірибелі, кәсіби хореографтардан жасақталды. Олар қатысушылардың техникасын, синхрондылығын, креативтілігін және сахналық образын жан-жақты бағалады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-zhastar-basqarmasy/press/news/details/1211564?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді