Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасының іске асырылуының түсіндірілуі

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Ақжайық ауданының білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастамасымен аудан аумағындағы білім беру ұйымдарында есеп беру кезеңі ішінде сыбайлас жемқорлық фактілерінің алдын алу және болдырмау жөніндегі жұмыстар жүйелі түрде жолға қойылған.

Осылайша, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шараларының жоспарына сәйкес өткізілген шаралар туралы ақпараттарды БАҚ бетіне жариялау, интернет-ресурстар мен әлеуметтік желіге орналастыру, бөлімнің сайтына өткізілген шараларды жариялау туралы тармағын орындау мақсатында 2026 жылдың 29-сәуір күні бөлімге қарасты барлық жалпы білім беретін мектептер, қосымша білім беру мен мектепке дейінгі ұйымдары басшыларының қатысуымен Zoom-конференция арқылы ағымдағы жылы іске асырылып келген 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасы мен 2024 жылы қабылданған 2024–2029 жылдарға арналған мемлекеттік қызметті дамыту тұжырымдамасына түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, мемлекеттік басқаруды жүйелі түрде жетілдірудің жалғасы айқындалған мына негізгі басым бағыттары ұсынылған болатын, атап айтқанда:

Бірінші. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру тәсілдерін жаңғырту.

Екінші. Сыбайлас жемқорлықты болдырмайтын ортаны қалыптастыру.

Үшінші. «Тұрмыстық сыбайлас жемқорлыққа» төзімділікті төмендету.

Төртінші. Комплаенс-қызметтердің тиімділігін арттыру.

Бесінші. Құқықтық реттеуді жетілдіру.

Аталған бағыттар бойынша қатысушылардың да пікірлері тыңдалды.

Алдағы уақытта да Қазақстан Республикасының заңдылықтарының толық сақталуын қамтамасыз ету және сыбайлас жемқорлық әрекеттерге қарсы ымырасыз күрес жүргізуіне ықпал ету мақсатында жұмыстар жалғасын табатын болады.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bilim-akzhaik/press/news/details/1211769?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді