
Анықтау бөлімінде тұрмыстық қатты қалдықтар (ТҚҚ) полигондарындағы өрттер мен процестік шешімдер қабылдау мәселелеріне арналған дөңгелек үстел өтті.
Іс-шараға анықтаушылар, бөлімше басшылары, жергілікті атқарушы органдар мен мемлекеттік құрылымдардың өкілдері қатысты. Ашық диалог барысында өрттердің негізгі себептері, экологиялық және өрт қауіпсіздігі, сондай-ақ процестік әрекет ету мәселелері талқыланды.
Қатысушылар ведомствоаралық өзара іс-қимылды күшейту қажеттігін атап өтті. Сонымен қатар, тексеру материалдарының сапасын арттыру мен процестік шешімдер қабылдау тәжірибесін жетілдіру мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша өрт тәуекелдерін төмендетуге, үйлестіруді күшейтуге және жұмыстың тиімділігін арттыруға бағытталған ұсыныстар әзірленді.
Маңғыстау облысы ТЖД

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-mangystau/press/news/details/1211439?lang=kk

Жауап қалдыру