
Түркістан облыстық мәслихатының кезектен тыс жиырма екінші сессиясы қарсаңында облыстық мәслихаттың әлеуметтік-мәдени даму, мемлекеттік-құқық, жергілікті өзін-өзі басқару және депутаттық этика мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы өтті.
Тұрақты комиссия отырысына А.Салимов төрағалық етті.
Комиссия отырысына Түркістан облыстық мәслихатының төрағасы Н.Ә.Әбішов, облыс әкімінің орынбасарлары Қ.Қайыпбек, Е.Дауылбаев, тұрақты комиссия мүшелері Ғ.Елшібай, Ж.Темірбекова, Қ.Жантөреева, Қ.Салыбек, Б.Байғараев, У.Рахиев, Б.Шойбеков, Б.Басымбек, Т.Садуов, Б.Сүлейменов, Ж.Құрақбаев, Ж.Туламетов және күн тәртібіне байланысты шақырылған облыстық басқарма басшылары қатысты.
Күн тәртібінде мына мәселелер қаралды:
- «2026-2028 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» Түркістан облыстық мәслихатының 2025 жылғы 15 желтоқсандағы № 20/268-VІIІ шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
- «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді қабылдау туралы» Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2017 жылғы 24 тамыздағы № 14/172-VI шешіміне толықтырулар енгізу туралы;
- Түркістан облысы әкімдігінің дербес құрамындағы өзгерісті келісу туралы;
- «Түркістан облысы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» Түркістан облыстық мәслихатының 2024 жылғы 30 қыркүйектегі №12/161-VIII шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Тұрақты комиссия мүшелері күн тәртібіндегі мәселелерді талқылап, өз пікірлерін айтып, аталған мәселелерді мәслихат сессиясының қарауына ұсынды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-turkestan/press/news/details/1211789?lang=kk

Жауап қалдыру